Оралда қалалық соттың төрағасы пара алып жатқан жерінен ұсталғаны туралы ақпарат тарады

Қараша 5, 2024 - 10:47
Қараша 5, 2024 - 10:51
Оралда қалалық соттың төрағасы пара алып жатқан жерінен ұсталғаны туралы ақпарат тарады

Жергілікті «Уральские недели» Telegram арнасында Оралда қалалық соттың төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінде ұсталды деген ақпарат тарады.

«1,5 миллион теңге көлеміндегі пара сотталған азаматқа қатысты оң шешім шығару үшін арналған», - делінген ақпаратта.

Аталмыш дерек көзі сонымен қатар  судьямен бірге тағы екі адвокаттың ұсталғанын жазған. 

Жедел-тергеу іс-шараларын ҰҚК орталық аппаратының және Батыс Қазақстан облысындағы департаменттің қызметкерлері жүргізетіні айтылды.

Сот сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Жұмағұлов 2019 жылғы 31 желтоқсанда президент жарлығымен төраға қызметіне тағайындалған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow