Алматыда тағы да жер сілкінді
Алматыда сағат 10:00-де магнитудасы шамамен 4,5 балл болатын жер сілкінісі болды
ҚР ТЖМ мәліметінше, «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 5 қараша Астана уақыты бойынша 10 сағат 00 минут 30 секундта жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында. Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 км жерде орналасқан.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, Ұлттық ғылыми сейсмологиялық бақылау орталығының сейсмикалық станцияларының желісімен эпицентрі мен сезілетін көрсеткіші туралы ақпарат нақтылануда.
«Қазіргі уақытта тиісті мемлекеттік органдар хабардар етілді, ғимараттардың қирауына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілуде. Жағдай тұрақты.
Жер сілкінісінің параметрлерін бастапқы ғылыми орталықтың сейсмологтары нақтылағаннан кейін және қосымша жеткізетін болады. Сабыр сақтаңыз!» - делінген Алматы қаласы ТЖД хабарламасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?