«Ойыншық беріп алдаған»: Қостанайда үш жасөспірім 5 жастағы қызды зорлады деп айыпталды

Қыз бар болғаны 5 жаста, ал зәбір көрсеткен жасөспірімдердің жасы 8, 12 және 13-те.

Шілде 29, 2024 - 12:45
Шілде 29, 2024 - 12:46
«Ойыншық беріп алдаған»: Қостанайда үш жасөспірім 5 жастағы қызды зорлады деп айыпталды
Фото: Pixabay.com

Кәмелет жасқа толмаған үш жасөспірім бір қызды алдап шақырып, болған жағдайды ешкім білмес үшін оған бір қап ойыншық берген, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы #НеМолчиKZ қорының жетекшісі Дина Таңсәрі өзінің желідегі парақшасында жазды. Қор жетекшісіне қостанайлық жалғызбасты ана көмек сұрап келген. Оның айтуынша, 8, 12 және 13 жастағы жасөспірімдер 5 жастағы қызын зорлаған. 

"6 шілде күні анасы қызына велосипед алып берген. Оны аулада құрастырып жатқанда қызды көрші бала үйдің артына алып кеткен. Қызын таппай қалған әйел оны ұзақ уақыт іздеген. Бірде ол қызының кір, ұйпа-тұйпа күйде бір қап ойыншық ұстап келе жатқанын көреді. Қорқып кеткен анасы оған ұрысқан көрінеді. Бұл – көп ата-аналарда жиі болатын реакция. Сондықтан психологиялық және құқықтық тұрғыдан сауатты болу керек. Бірақ қыз анасына болған жағдай туралы ештеңе айтпаған", – деп жазды Дина Таңсәрі. 

Жантүршігерлік жағдай туралы 20 шілде күні белгілі болды. Жәбір көрген қыз барлығын атасына айтып берген. Олар бірден полицияға шағым түсірген. Тексере келе, кәмелет жасқа толмаған үш жасөспірім қызды бұталардың арасына апарып, оған жыныстық сипаттағы әрекеттер жасағаны белгілі болды.

"Олар қызды шешіндірген, екеуі ұстап тұрған. Қыз айғайлап, қарсылық көрсеткенде оның шекесінен таспен ұрған. Қыздың жыныс мүшесін ұстап, қамыс арасына кіргізбек болған. Кейін үшеуі жыныс мүшелерін қыздың аузына салуға мәжбүрлеген. Олар болған жағдай туралы ешкім білмес үшін қызға бір қап ойыншық берген. Қыз барлығын атасына екі апта өткен соң айтып берді. Қыз бар болғаны 5 жаста, ал зәбір көрсеткен жасөспірімдердің жасы 8, 12 және 13-те", – делінген жазбада.

Полиция сараптама тағайындап, балалардан жауап алды. Олар өз кінәсін мойындады. Полиция қызметкерлері мемлекеттік заңгер мен мектептен психологты шақыртты. Жазба авторы жасөспірімдерге тәрбие бере алмаған ата-анасына айыппұл салып қана қоймай, сот алдында жауапқа тартылу керегін айтты. Сондай-ақ жәбірленуші қыз бен оның отбасына моральдық зиян келтіргені үшін өтемақы төлеуін талап етті.  

 

Дереккөз: Stan.kz ақпарат агенттігі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow