Назарбаевтың Тэтчерге берген орденін сатқандар жазалана ма? – Министр жауап берді

Қазан 21, 2024 - 17:36
Назарбаевтың Тэтчерге берген орденін сатқандар жазалана ма? – Министр жауап берді
Фото: egemen.kz

Әділет министрі Азамат Есқараев Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тетчерге сыйланған Достық орденінің сатылып жатқаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Ақпаратты естідік. Біздің заңнама сәйкес, мемлекеттік наградаларды сатуға тыйым салынған. Оған қылмыстық кодексте жаза қарастырылған. Мемлекеттік награданы сатумен айналысқан адам тиісті жауапкершілікке тартылуы керек. Ұлыбританиядағы жағдайға келсек, бұл жерде Маргарет Тетчер тарихта өз атын қалдырған аңыз адам екенін есепке алған жөн. Ол сияқты тұлғалардың жеке заттары, кітапханасы, наградалары аукционға қойылады. Бұл олардың мәдениетінің бір бөлігі», - деді министр.

Еске салайық, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияның бұрынғы басшысы Маргарет Тетчерге таққан Достық ордені сатылымға шықты. Сирек кітаптар сататын сайтта ол 12 500 фунтов стерлингке – 7,9 млн теңгеге бағаланған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow