Назарбаевтың тағы бір ескерткіші күресінге кетті

Бұған дейін Астанада Ұлттық қорғаныс университетінің алдында тұрған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталған еді.

Ақпан 1, 2024 - 16:01
Ақпан 1, 2024 - 16:04
Назарбаевтың тағы бір ескерткіші күресінге кетті

Экс-президентің тағы бір ескерткіші күресінге кетті. Нақты айтар болсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы Астанадағы Ұлттық музейге қойылған еңселі ескерткіші  алынып тасталды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Оны Ұлттық музейдің баспасөз қызметі растады.

«Атриум тарихи-хронологиялық кезеңдеу логикасына және залдардың тақырыптық-экспозициялық мазмұнына бағынатын музей экспозициясының сценографиясы тұрғысынан маңызды.

Айта кеткен жөн, алдағы уақытта «Тәуелсіз Қазақстан» залының реэкспозициясы бойынша жұмыстар жүргізіледі (2014 жылдан бері жаңартылмаған), онда қазіргі тарихи кезеңнің маңызды оқиғалары толық қамтылмақ.

Ескерткішке келетін болсақ, бұл экспонат музей мүлкі және Атриум тұжырымдамасының өзгеруіне байланысты музей қорында тұрақты сақталады», – делінген Ұлттық музей хабарламасында.

Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Астанадағы Ұлттық музейге 2018 жылы шілдеде орнатылған.

Еске салайық, бұған дейін Астанада Ұлттық қорғаныс университетінің алдында тұрған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow