Жедел жәрдем жүргізушісін сабаған жігіт кешірім сұрады
Нұрболат Дәкебаев видеоны ұсталар алдында түсірген.
Әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамның кешірім сұраған видеосы тарады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Бейнежазбада күдікті барша халықтан кешірім сұрайды.
«Ассалаумағалейкүм, барша қазақстандықтар, барша мұсылмандар, қазақ елі! Мен 2024 жылы 1 ақпан күні өзім барып берілмекшімін. Себебі істеп қойған қиянатым күн бермей жатыр. Бәрінен, ақ халаттылардан кешірім сұраймын. Менің зиян тигізбек ойым болған жоқ. Ондай ойым болмаған, болмайды да. Менен жәбір көрген бауырымнан кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін кешіріңіздер. Қазақстандағы мұсылман бауырлар, барлығыңыз мені кешіріп қойыңыздар. Өз қателігімді түсініп отырмын»,—дейді ол.
Нұрболат Дәкебаев видеоны ұсталар алдында түсірген.
Еске салайық, 27 қаңтарда Қарағанды тұрғынының жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққанын жазған едік. Тергеу кезінде күдікті қашып кетіп артынша оған іздеу жарияланған болатын. Кеше Бас прокуратура өкілдері Нұрболат Дәкебаевтың ұсталғаны туралы хабарлаған еді. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?