Ішкі істер министрлігі DALA INSIDE үстінен қозғалған істі қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатты

Dalanews/DALA INSIDE редакциясының тәуелсіз журналистері «G-Park» тарапынан қысымға ұшырадық» деп Үкімет пен халықаралық ұйымдардан көмек сұраған еді.

Ақпан 20, 2024 - 14:49
Ақпан 20, 2024 - 15:09
Ішкі істер министрлігі DALA INSIDE үстінен қозғалған істі қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатты

Ішкі істер министрлігі DALA INSIDE үстінен қозғалған істі қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатты. Астана қаласы Полиция департаменті бұл туралы өз инстаграм аккаунтында хабарлады, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

 «Астана қаласының Полиция департаментіне елорда тұрғыны «365info.kz» және «DALAINSIDE» интерфейстерінде жалған ақпарат тарату фактісі бойынша өтініш білдірді. Өтініш бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қылмыстық іс аясында тиісті сараптама тағайындалды. Істің барлық мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Барлық тараптардың дәлелдерін зерделеу қорытындысы бойынша іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды», - делінген хабарламада.  

Бұл мәселеге Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да алаңдаушылық білдіріп, істі жеке бақылауға алғанын хабарлаған болатын.  

Бұған дейін Dalanews/DALA INSIDE  редакциясының тәуелсіз журналистері атынан ҚР Бас прокуроры Б.Асыловқа, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваға, ІІМ министрі Е.Сәденовке, "Әділ Сөз" Халықаралық сөз бостандығын қорғау Қорына, Қазақстан журналистер Одағына, Қазақстан Транспаренси қорына, Internews және басқа да БАҚ құралдары мен журналистерден көмек сұрап, ресми үндеу жасағанын жазған едік. 

Dalanews және DALA INSIDE редакцияларының тәуелсіз журналистері өз Үндеуінде  «G-Park" құрылыс компаниясының басшысы Ғабит Сатмағамбетов тарапынан қысымға ұшырап жатқаны айтылады. Айтуларынша, қысым жасау әрекеттері "G-Park" құрылыс компаниясы және оның басшысы Ғабит Сатмағамбетов туралы материалдар жарияланғаннан кейін басталған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow