«Бір жолаушы көз жұмды»: Алматыда автобус апатқа ұшырады

16 адам жарақат алған.

Маусым 26, 2024 - 16:01
Маусым 26, 2024 - 16:05
«Бір жолаушы көз жұмды»: Алматыда автобус апатқа ұшырады

Алматы қаласы Мақатаев және Масаншы көшелерінің қиылысында үлкен жол апаты болды.

 Автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты. Қалалық полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, тағы 16 адам жарақат алған.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан қиылыстағы жолдың ортасына келген көлікті автобус қағып өткенін байқауға болады. Кейін барып аялдама жанындағы дүкенге соғылған.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow