«Нағыз мұқтаж жанға бұйырсын»: Елдос Сметов өз тойында Умраға жолдама сыйлады (ВИДЕО)

Қазан 10, 2024 - 17:59
«Нағыз мұқтаж жанға бұйырсын»: Елдос Сметов өз тойында Умраға жолдама сыйлады (ВИДЕО)
Фото: madiyar_serikbayev инстаграм парақшасынан

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов бірнеше күн бұрын ұлдарының сүндет тойы мен қызының тілашарын жасады. Дүбірлі кеште дзюдошы "Өнер қырандарының" мүшесі Мадияр Серікбаевқа кіші қажылыққа жолдама табыстады, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бұл жайында "Өнер қырандары" әзіл-сықақ театрының мүшесі Мадияр Серікбаев Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

"Ал құрметті ағайын, бүгін Елдос бауырымыздың шаңырағындағы дүбірлі тойында осындай қасиетті мекенге Умра сапары табысталды", - дейді ол видеода. 

Ал Елдос Сметов сертификаттың нағыз мұқтаж жанға бұйырғанын қалайтынын айтты.

"Нағыз мұқтаж, нағыз Алланың шақыртқан адамының баруына тілектеспін", - деді Париж Олимпиадасының чемпионы.

Айта кетейік, тойға келген қонақтардың бірі Instagram желісіндегі парақшасында сертификаттың басты сыйлық болғанын жазған. "Умраға жолдама кештің басты сыйлығы болды. Ол жолдаманы "Өнер қырандарына" табыстады, осы Таразда болатын концерттерінде мұқтаж отбасына Елдос ағаның атынан сыйласын деп шешті", - деді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мадияр Серікбаев (@madiyar_serikbayev)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow