«Еларна» мен Мөлдір Мұқан даңқты батыр Бауыржан Момышұлын ойынға айналдырған (ВИДЕО)

Тұрсынбек елге айтқанша, әйелінің өкпесін бір басып қойса болар еді.

Маусым 21, 2024 - 11:42
Маусым 21, 2024 - 11:44
«Еларна» мен Мөлдір Мұқан даңқты батыр Бауыржан Момышұлын ойынға айналдырған (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Отандық «El аrna» телеарнасындағы «Қыздар мен жігіттер» бағдарламасында Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан Бауыржан Момышұлын келемеж етті деген атаққа қалды, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бағдарлама әр жексенбіде эфирге шығады, алайда, кеше телеарна әлеуметтік желідегі ресми парақшасында келесі бағдарламаның тизерін жарияланған. Ойын барысында қыздар мен жігіттер екі топқа бөлініп, сұрақтарға жауап береді. Ойынның бірінде Мөлдір Мұқан Бауыржан Момышұлына қатысты сұрақтарға жауап беріп, оның тұлғасын анықтауы керек болған. Әзілкештің жұбайы кейіпкерді таба алмайды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Кейін «Ата, кешіріңізші» деп басын иеді. Алайда бұл әрекет оқырманның шамына тиген.

«Батыр атамыз ойыншық болғаны ма? Тұрсынбек елге айтқанша, әйелінің өкпесін бір басып қойса болар еді. Басқа ойнайтын адам қалмағандай, «ата, кешіріңізші» дегені дұрыс болмапты. Дүниеден өткен, әрі қазақ үшін қадірлі азаматты ойынға айналдырдыңыздар. Бауыржан атамыз ойыншық болды ма? Ол жерге Тұрсынбекті қоюы керек еді. Бауыржан атамыз мазақ болуы үшін соғысқа аттанған ба?», - деп жазған пікір қалдырушылар.

Айта кетейік, Бауыржан Момышұлы – қазақтың атақты әскери қолбасшысы, жазушы, Кеңес Одағының батыры, соғыстағы мықты стратег.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow