Мұрат Әбділдә әзірге бостандыққа шықпайды

Мамыр 16, 2024 - 16:32
Мамыр 16, 2024 - 16:35
Мұрат Әбділдә әзірге бостандыққа шықпайды

Тик-ток жұлдызы Мұрат Әбділдәнің бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырылмады. Сот оның істеген қылығына өкінетінін, қазір тәртібінің түзелгенін айтқанымен жазасын сол күйінде қалдырды.

«Мен сізден жаза шарттарын ауыстыруыңызды сұраймын. Мен бәрін түсіндім, бәрінен кешірім сұраймын. Енді қайталамаймын. Жұмыс істеп, дұрыс өмір сүремін. Жаза шарттарын айыппұлға ауыстыруыңызды өтінемін. Бүкіл айыппұлды төлеймін», - деді ол. Прокурор соттан Әбділдәның өтінішін қанағаттандырмауды сұрады.

Еске салсақ, 2022 жылы желі жұлдызы Мұрат Әбділдә әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық алауыздықты қоздырды деген айыппен төрт жарым жылға сотталған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow