«Тоқалыңа чемодан сатып ал»: Алматы көшесіндегі жарнама көпті ашуландырды
Желі қолданушыларына дүкеннің мұндай маркетингтік қадамы ұнамаған.
Алматыдағы жарнама көпшілік арасында дау тудырды, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Алматыдағы жарнамалардың бірі қазақстандықтардың ашуын туғызды. Себебі мұнда тоқалдарға арналған чемодандарды сатып алуды ұсынған.
Видеоны журналист Дана Орманбаева жариялаған. Алматыдағы сауда орталықтарында орналасқан бутиктердің бірі кіреберіске төмендегідей мәтінде жарнама жарияланған:
«Тоқалға чемодан сатып ал».
Желі қолданушыларына дүкеннің мұндай маркетингтік қадамы ұнамаған. Олар өз наразылықтарын жарыса жаза жөнелді.
«Бұл не деген бассыздық?», «Ма-маркетинг», «Тездетіп алып тастау керек», «Не деген мазақ», «Сауда орталығы мен оның иелеріне бойкот жариялау керек», – деп жазды қазақстандықтар.
Сіздің реакцияңыз қандай?