Қайрат Сатыбалды бір айдың өзінде ғана 55,4 млрд доллар ұрлаған ақшасын қайтарды

Желтоқсан 20, 2023 - 09:40
Желтоқсан 21, 2023 - 15:59
Қайрат Сатыбалды бір айдың өзінде ғана 55,4 млрд доллар ұрлаған ақшасын қайтарды
Сурет ашық дереккөзден алынды

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды ұрлаған 55,4 млрд теңгесін бюджетке қайтарып берді, деп хабарлайды sadaqmedia.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі желтоқсан айындағы жұмысының нәтижесі ретінде осындай мәлімдеме жасады.

“Биыл желтоқсан айының өзінде ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралардың нәтижесінде Қ. Сатыбалдыұлының жалпы сомасы 120 млн АҚШ долларына, яғни 55,4 млрд теңгеден асатын ақшалай қаражатын қайтаруды қамтамасыз етті. Көрсетілген қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебіне республикалық бюджетке жіберілді”,-деп хабарлады Антикор.

Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды біраз уақыт бұрын мерзімінен бұрын бостандыққа шығу үшін сотқа арыз түсірген. Алайда, Шығыс Қазақстан облыстық соты оның өтінішін қанағаттандырған жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow