Мәсімовтің өзін ақтау туралы өтініші комиссияға әлі жеткен жоқ

Маусым 10, 2024 - 17:18
Маусым 10, 2024 - 17:19
Мәсімовтің өзін ақтау туралы өтініші комиссияға әлі жеткен жоқ
Фото: kaz.tengrinews.kz

Президент жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы Марат Башимов Тоқаевтан кешірім сұраған ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің өтініші комиссияға әлі жетпегенін айтты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы "Азаттыққа" сілтеп.

"Комиссияға өтініші жеткеннен кейін ол нақты түрде қаралады. Конституция бойынша, әр азаматтың комиссияға арыздануға құқығы бар. Бірақ оның өз жүйесі бар. Бірінші арыз түседі, кейін оны Жоғарғы сотқа, бас прокуратураға, ішкі істер министрлігіне жібереді. Кейін оны комиссия отырысында қарайды. Сосын оған дауыс беріп, шешім шығарып, президентке жібереді", деді Башимов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow