5 тамызда Олимпиадада спортшыларамыз қай уақытта сайысқа түседі

Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.

Тамыз 5, 2024 - 09:05
Тамыз 5, 2024 - 08:28
5 тамызда Олимпиадада спортшыларамыз қай уақытта сайысқа түседі
Фото: Pixabay

2024 жылғы 5 тамызда Париждегі Олимпиада ойындарында қазақстандықтар спорттың үш түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Спортшыларымыздың сынға түсу сәтін тікелей эфирде «Qazaqstan», «Qazsport», «Jibek Joly», «Хабар» және «Ел Арна» телеарналарынан көруге болады. 

Скит микс (А. Орынбай/Э. Ещенко) сынында стенд атудан медальдар ойналады. Қалған 2 спорт түрінде іріктеу кезеңі жүріп жатыр.

Осылайша, 5 тамызда Қазақстан спорттың 1 түрі бойынша 1 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Стенд ату 12: 00 Іріктеу кезеңі. Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко скитте жұп микс өнер көрсетеді.

18: 00 Финал.

Жеңіл атлетика 15: 50 Іріктеу кезеңі. Ольга Сафронова (200 м) жұбаныш жарысына қатысады.

23:45 Жартылай финал.

Грек-рим күресі 18:00 60 кг салмақ дәрежесіндегі Айдос Сұлтанғали, 130 кг салмақ дәрежесінде Әлімжан Сыздықов өнер көрсетеді.

00: 00 Жартылай финал.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow