«KeshYou-де қалай киінгеніңді білеміз»: Қызына хиджаб кигізген Айдана Меденова мен күйеуі халықтан оңбай сөз естіді

Қараша 1, 2024 - 11:41
Қараша 1, 2024 - 12:05
«KeshYou-де қалай киінгеніңді білеміз»: Қызына хиджаб кигізген Айдана Меденова мен күйеуі халықтан оңбай сөз естіді

Танымал әнші Айдана Меденова мен күйеуі мектепке бармаған қыздарына діни киім кигіземін деп, оқырмандарынан сөз естіді. Көпшілік олардан қыздарына хиджаб кигізбеуін сұраған, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Айдана Меденова өзінің желідегі парақшасына қызымен әңгімелесіп отырған видеосын жүктеген. Онда тұңғыш қызының мойнына дейін жабық, бет-әлпеті ғана көрінетін бас киім кигені байқалады.

Сонымен бірге, бұл видеода әншінің сақал қойған күйеуі де бар. Көпшілік әншінің бұл әрекетін қатаң сынға алып, баланы дінге араластырмауын өтінген.

«Бұл енді шектен шыққандық, өзің киіп жүре берсеңші», «балаларға өзіңнің көзқарасыңды таңып керегі не», «бала бала болып ойнауы керек, таңдауды 18 жасқа толғаннан кейін өзі жасайды», десті көпшілік.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow