«Миллион қыз артынан жүгіріп жүр»: Қуат Хамитов боксшы Жанқош Тұраровқа араша түсті

Тамыз 21, 2024 - 17:42
Тамыз 21, 2024 - 20:46
«Миллион қыз артынан жүгіріп жүр»: Қуат Хамитов боксшы Жанқош Тұраровқа араша түсті
Коллаж: sadaqmedia.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген ақпаратқа қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол taspanews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Бұл ақпарат жалған деп үміттенемін. Жанқош секілді чемпионға біреуді зорлап не керегі бар? Оның артынан онсыз да миллиондаған қыз жүгіріп жүр. Бәлкім, біреу ақша істегісі келді ме, нақты білмеймін. Соңғы уақытта осынау қылмыстық бап өте кең тарап кетті ғой. Бір жігіттің қызбен подъезде жай тұрған видеосын көрдім, соңында сол жігітті зорлады деген айыппен 8 жылға соттап жіберді. Тағы қаншама адамның осындай жалған айыппен қамалғанын білмеймін. Бірақ, аталған бапты қайта қарау керек», — деді Қуат Хамитов.

Жанқош Тұраров осы жылдың 28 қыркүйегінде Алматыда белбеуін қорғау үшін жекпе-жек өткізуі тиіс болған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow