«Билеті 17 млн теңге». Дариға Назарбаева Монакодағы қымбат концерттің қонағы болды (ВИДЕО)

Тамыз 21, 2024 - 17:15
Тамыз 21, 2024 - 17:17
«Билеті 17 млн теңге». Дариға Назарбаева Монакодағы қымбат концерттің қонағы болды (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Дариға Назарбаева отбасымен бірге танымал актриса Шэрон Стоун ұйымдастырған Монакода өткен кештің қонағы болды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

Кейбір дереккөздердің жазуынша, Дариғаның ұлы Нұрәли Әлиев, келіні Аида Әлиева, немерелері Лаура, Амира, Алан Каннда өткен қымбат кешке бірге барған.

Концертке кіру құны 2 адамға – 33 000 еуро немесе 17 млн тг. Олар 6 адам, яғни, 51 миллион теңге төлеп, кірген.

Knights of Charity Gala қайырымдылық гала ең қымбат сарай — Канндағы Шато-де-ла-Кройс-де-Гардесте өтті. Оны Голливуд жұлдызы Шэрон Стоун ұйымдастырған. Қайырымдылық аукционы Монако князінің анасы Грейс Келли құрметіне арналды.

Айта кетерлігі, аукционда ең қымбат лоттар ойнатылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow