«Мені не үшін 4 жылға соттадыңыз?»: Байжанов сот залында үкіммен келіспейтінін айтты

Кінәсіз адамды неге соттадыңыздар?

Мамыр 13, 2024 - 17:43
Мамыр 13, 2024 - 17:44
«Мені не үшін 4 жылға соттадыңыз?»: Байжанов сот залында үкіммен келіспейтінін айтты
Фото: Голос народа

Бүгін сот шешімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылған Бақытжан Байжанов сот залында өзінің наразылығын танытты, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Судья Айжан Құлбаева үкімді оқығаннан кейін тараптардан үкімге қатысты айтарлары бар ма екенін сұрады. 24 жылға сотталып отырған Қуандық Бишімбаев, зардап шеккен Айтбек Амангелді және мемлекеттік айыптаушылар үкімге қатысты өтініштері жоқ екенін айтса, Бақытжан Байжанов наразылығын білдірді.

«Мені не үшін 4 жылға соттадыңыздар? Кінәсіз адамды неге соттадыңыздар?»,- деді Байжанов. 

Судья Айжан Құлбаева оған сот үкімі қолына тиген соң 15 тәулік ішінде үкімді аппеляцияға бере алатынын айтып, сот отырысын жабық деп жариялады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow