Судья үкім кесті: Қуандық Бишімбаев ұзақ мерзімге сотталды
Ал қылмысты жасыруға көмектескен Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.
2023 жылдың 9 қарашасында Астанадағы Bau мейрамханасында әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев сотталды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Алқабилер алқасы мен судья Айжан Құлбаева ақылдасып, айыпталушыға жаза кесті. Экс-министр 24 жылға түрмеге қамалды.
Ал қылмысты жасыруға көмектескен Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 99-бабы және 110-бабы бойынша айып тағылған. Ал Бақытжан Байжанов қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша айыпталып отыр.
Марқұм Салтанат Нүкенова 2024 жылы 15 мамырда 32 жасқа толуы тиіс еді. Салтанат Нүкенованың өлімі Қазақстанда ғана емес, шет елдерде қызу талқыға түсті. Елімізде зорлық-зомбылық туралы заң қатаңдатылып, заңға өзгертулер енгізілді.
Сіздің реакцияңыз қандай?