«Етеккірмен дуалаған»: «жеңіл жүрісті» атанған Гүлбахар баласын күйеуінен екенін дәлелдей алмай жүр

Мен де дуаны қайтару үшін дуа жасаттым.

Наурыз 27, 2024 - 15:57
Наурыз 27, 2024 - 16:00
«Етеккірмен дуалаған»: «жеңіл жүрісті» атанған Гүлбахар баласын күйеуінен екенін дәлелдей алмай жүр
Фото: видеодан кадр

8 айлық баласымен жалғыз қалған Гүлбахар "Астарлы ақиқат" бағдарламасына кеп, көмек сұрайды, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

25 жастағы Гүлбахар бұрын тұрмыста болған, 2 қызы бар екен. Қыздарының үлкені бұрынғы күйеуінің қолында-мыс. Ал өзі Асылбек деген жігітпен танысып, беташары болғанын айтады.

"Асылбекпен бірге бір пәтерде тұрдық. Мен жұмысқа түсте кетіп, түнгі екіде келетінмін. Бәрі жақсы еді. Бала көтердім. Бір күні құрбымның үйіне кеттім. Ол мені жігітінен қызғанып, күйеуіме хабарласып, "жігітіммен жатты" деп жала жапты. Сосын күйеуіммен қарым-қатынасымыз өте нашарлады", - деген ол күйеуінің оны Ташкенттегі қайын жұртына апарып таныстарығанын айтты.

Десе де, Өзбекстандағы қайын жұрты оны сыйдырмапты. Гүлбахар ол жерден зорға қашып құтылған екен.

"Менен кейін де тағы бір ажырасқан әйелге үйленген. Ол әйел күйеуімді етеккірмен дуалаған. Мен де дуаны қайтару үшін дуа жасаттым", - деген ол күйеуі Асылбекке деген сезімі әлі барын жасырмады.

Асылбектің екінші әйелі де бағдарламаға сұхбат берді. Ол өзін де Ташкентке қайын жұртына апарып тастағанын, күйеуінің жақындары «бұның да атын жеңіл жүрісті шығарып қуып жіберу керек» деп айтқанын жеткізді.

Ал Асылбектің ағасы келінінің ішімдікке құмар, уақытында тамақ істемейтінін айтып шағымданды. Десе де, студиядағылардың бірі әйелдің міндеті тамақ пісіру емес екенін алға тартса, енді бірі әйел тамақ істемесе не үшін бар деген пікір айтып қалды.

Гүлбахардың бағдарламаға келгендегі басты мақсаты – 8 айлық баласына ДНК сараптамасын жасап, әкесі Асылбек екенін дәлелдеу. Содан соң одан алимент өндіріп алу.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow