Меккеге қажылыққа барған 14 адам аптап ыстықтан көз жұмды

Тағы 17 адам із-түссіз жоғалған.

Маусым 18, 2024 - 09:25
Маусым 18, 2024 - 10:06
Меккеге қажылыққа барған 14 адам аптап ыстықтан көз жұмды
фото: le parisen

Меккеге қажылыққа барған 14 иорданиялық азамат аптап ыстыққа шыдай алмай көз жұмды, деп хабарлады Иордания Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, Сауд Арабиясындағы қажылық кезінде 14 қажы қайтыс болып, 17 адам із-түссіз жоғалған. Иордания Сыртқы істер министрлігі марқұмдардың денесін елге жеткізу мен жерлеу мәселесі бойынша Сауд Арабиясының билігімен байланыс орнатты.

Осы ретте елдің СІМ Операциялар және консулдық істер басқармасының директоры Суфьян әл-Куда өмірден өткен қажылардың отбасына көңіл айтты. Ол қайтыс болған және жоғалған азаматтар Иорданияның ресми қажылық делегациясына кірмегенін мәлімдеді.

Сондай-ақ Суфьян әл-Куда қажылыққа аттанған барлық иорданиялықты кез келген уақытта көмек сұрауға шақырды.

Қазір Иордания мен Сауд Арабиясының билігі бірлесіп, 17 азаматты іздеуді жалғастырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow