Мәсімовтің бұрынғы орынбасары Ерғожин тағы екі бап бойынша күдікке ілінді

«Аса ірі көлемде пара алу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Шілде 22, 2024 - 20:05
Шілде 22, 2024 - 20:06
Мәсімовтің бұрынғы орынбасары Ерғожин тағы екі бап бойынша күдікке ілінді
Фото: Ашық дереккөзден алынды

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин Қылмыстық кодекстің тағы екі бабы бойынша күдікті деп танылды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Д.Ерғожинге қатысты тағы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру" және "Аса ірі көлемде пара алу" бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәліметтері жария етілуге ​​жатпайды.

Бұған дейін желіде Ерғожинге қазақстандықтардың құпия деректерінің қытайлық GitHub сервистеріне таралуына қатысты іс бойынша күдікке ілінгенін хабарлаған болатын.

Еске салайық, 2023 жылдың 24 сәуірінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында К.Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларына қатысты үкім жарияланған болатын. Д.Ерғожин билікті күш қолдану арқылы басып алу, билікті және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану бойынша кінәлі деп танылды. Ол мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow