Елшілік Қазақстан азаматтарын Украинаның Одесса және Харьков облыстарынан тез кетуге шақырды
Сондай-ақ елшілік азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертулерге мән беруге және дереу қауіпсіз жерді паналауға шақырды.
Украинаның Одесса және Харьков облыстарындағы жағдайдың шиеленісуіне және Қауіпсіздік қатерінің артуына байланысты Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына осы аймақтардан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
«Украинадан Қазақстанға шығу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары Польша немесе Молдова арқылы өтетін жерүсті бағыттарын, одан кейін коммерциялық рейстерді пайдалана алатынын ескертеміз» — делінген хабарламада.
Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы керек, Молдова арқылы қайту үшін виза талап етілмейтіні айтылған.
Сонымен бірге, Елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуге назар аударып, дереу бомбадан қорғанатын орынға өтуге шақырады.
Елшіліктің байланыс телефондары: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031.
Қазақстан азаматтарына арналған сенім телефоны (төтенше жағдай кезінде): +380673470408.
Сіздің реакцияңыз қандай?