Маңғыстауда 8 жасар баланы қатарластары аяусыз ұрған

Олар алдымен баламның жергілікті тұрғын емес екенін айтып, неше түрлі сөзбен тіл тигізген.

Сәуір 26, 2024 - 09:24
Сәуір 26, 2024 - 09:26
Маңғыстауда 8 жасар баланы қатарластары аяусыз ұрған
Фото: azh.kz

Маңғыстау облысындағы ауылда балалар алаңында ойнап жүрген оқушы соққыға жығылды, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Lada.kz мәліметінше, 8 жасар ұл бала жақын маңдағы ауруханаға жатқызылған, дәрігерлер оның балтыры екі жерден сынғанын, басынан жарақат алғанын және денесі жырылғанын айтады.

"Ұлымның сөзіне қарағанда, оны үш қатарласы ұрып-соққан. Олар алдымен баламның жергілікті тұрғын емес екенін айтып, неше түрлі сөзбен тіл тигізген. Ұлым да оларға жауап қатқан. Кішкене уақыттан соң балам інісін ертіп үйге қарай бағыт алған. Осы сәтте сол балалар тағы тиіскен. Екеуі ұлымның иығынан ұстап тұрып, үшіншісі жүгіріп келіп қабырғасынан тепкен. Ұлым құлап қалғанымен, орнынан тұрып қашпақ болғанда, әлгілер қуып жетіп алып, тепкенің астына алған", — дейді баланың анасы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow