Тағы бір елдің басшысы отырған ұшақ жоғалып кетті

Әуе кемесі апатқа ұшыраған болуы мүмкін. Құлаған жерін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Маусым 11, 2024 - 09:46
Маусым 11, 2024 - 10:26
Тағы бір елдің басшысы отырған ұшақ жоғалып кетті
Фото: malawi24.com

Малави вице-президенті Саулос Чилима және тағы тоғыз адам бортында тұрған ұшақ радар экрандарынан жоғалып кетті.

Жергілікті malawi24 порталы әуе кемесі апатқа ұшыраған болуы мүмкін деп жазады. Басылымның жазуынша, ұшақ Мзузу әуежайына қона алмаған, кейін тіпті радардан жоғалып кеткен.

Сонымен қатар, Малави Президенті Лазарус Чаквера Чилимамен әуе кемесінің апатқа ұшырауы мүмкін екендігі туралы хабарларға байланысты Багам аралдарына жоспарланған сапарынан бас тартты.

Африка мемлекетінің басшысы іздеу-құтқару операциясын ұйымдастыруды тапсырды.

«Әуе билігінің радардан жоғалып кеткеннен кейін әуе кемесімен байланыс орнатуға бағытталған барлық әрекеттері сәтсіз аяқталды. Президент Багам аралдарына жоспарланған сапарын тоқтатты және барлық аймақтық және ұлттық органдарға әуе кемесінің орналасқан жерін анықтау үшін жедел іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуді тапсырды», — делінген Малави Үкіметінің хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow