Қазақстанның трассаларында қашан интернет қосылатыны белгілі болды

Қараша 7, 2023 - 10:28
Қараша 8, 2023 - 09:02
Қазақстанның трассаларында қашан интернет қосылатыны белгілі болды
Сурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстан Үкіметі «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын бекітті, деп хабарлайды sadaqmedia. 

Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойған  «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы 2024 жылдан бастап 2027 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Жобаны жүзеге асыру үшін  1,5 трлн теңгеден астам қаражат жұмсау көзделген. Үкіметтің мәліметіне сүйенсек, бұл соманың көбі, яғни 1,3 трлн теңгеден астамы – бюджеттен тыс қаражат.

«Ұлттық жоба аясында республикалық және негізгі облыстық автожолдарды мобильді интернетпен қамту үшін цифрлық инфрақұрылым салу жоспарланған. Атап айтқанда, 487 антенна-діңгек құрылысын орнату жоспарланып отыр. Бұл 17 мың шақырым автожолды мобильді интернетпен қамтуға мүмкіндік береді», - деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз хатшысы.

Ұлттық жоба аясында сондай-ақ  5G желісін одан әрі өрістету көзделген. Дереккөзге сүйенсек, қазір 605 базалық станция орнатылған.

«2025 жылдың соңына дейін 5G технологиясын республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының барлығына енгізу жоспарланып отыр. Осы жұмыс аясындағы байланыс операторларының инвестициялары шамамен 300 млрд теңгені құрайды», - деп хабарлады баспасөз хатшы. 

Осылайша, үкімет сендіріп отырғандай,  ұлттық жобаны іске асыру арқылы 2027 жылға дейін қазақстандықтар түгелдей интернетке қол жеткізеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow