Мақпал Жүнісова FlyArystan компаниясына шағымданды

FlyArystan әуекомпаниясы Мақпал Жүнісованы домбырасымен бірге ұшаққа кіргізу үшін қосымша 59 мың теңге төлем жасауын талап еткен.  

Қараша 6, 2024 - 22:35
Қараша 6, 2024 - 22:41
Мақпал Жүнісова FlyArystan компаниясына шағымданды
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Белгілі қазақстандық әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында домбырасын бортқа өткізбей қойған FlyArystan әуекомпаниясына шағым білдірді, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

FlyArystan әуекомпаниясы Мақпал Жүнісованы домбырасымен бірге ұшаққа кіргізу үшін қосымша 59 мың теңге төлем жасауын талап еткен.  

"Домбыра деп көрсетпесе де, оны 59 мың теңгеге әрең өткіздік. Мен үшінші рет осындай жағдайға тап болып отырмын", - деді әнші.

FlyArystan әуекомпаниясы Мақпал Жүнісованың бұл шағымына бірден жауап беріп, музыкалық аспаптарды тасымалдау бойынша арнайы ереже бар екенін жазды. Ережеге сай, аспапты бортқа алып өтуге тек қол жүгі ретінде рұқсат беріледі. Ол үшін аспаптың салмағы 5 келіден аспауы қажет, ал көлемі 56x23x36 см-ден үлкен болмауы шарт. Егер тасымалдайтын аспап бұл талаптарға сәйкес келмесе, қосымша ақы төлеуге мәжбүр. 

"Біз барлық өнер иелерінің еңбегін жоғары бағалаймыз және халқымыз үшін қасиетті домбыраның құндылығын түсінеміз. Дегенмен барлық жолаушыларға тең қарым-қатынас көрсету және ортақ ережелерді сақтау - қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кепілі", - деп жазды FlyArystan хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow