Құлсарыда тасқынмен күрес кезінде өрт сөндіру бөлімінің командирі қаза тапты

Мамыр 30, 2024 - 10:11
Мамыр 30, 2024 - 10:14
Құлсарыда тасқынмен күрес кезінде өрт сөндіру бөлімінің командирі қаза тапты

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі азаматтық қорғау сержанты жұмыс кезінде көз жұмған, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

29 мамырда Құлсарыда су сору бойынша жедел-құтқару жұмысы кезінде 23 жастағы Рақым Бейбарыс Жалғасбайұлы қаза тапты. Өлімнің мән-жайы анықталып жатыр.

"Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол өз саласының маманы ретінде жүрегімізде мәңгі сақталады. Марқұм өрт сөндірушінің отбасына қолдау мен қажетті көмек беріледі", – деп хабарлады ведомстводан.

Ракым Бейбарыс 2001 жылы Атырау қаласында туған. Азаматтық қорғау органдарында 2021 жылдан бастап қызмет етті. Осы қысқа уақыт ішінде бірнеше ірі, күрделі өрттерге қатысып, адам өмірін, мүлкін құтқаруда, қорғауда бар күш-жігерін салып, халық алғысына да бөленген.

Бейбарыстың артында ата-анасы, бауырлары мен жары қалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow