«Түбі ешкімге керек болмай қаласың»: Головкин Сметовке ақыл айтты

Шілде 28, 2024 - 12:37
Шілде 28, 2024 - 13:34
«Түбі ешкімге керек болмай қаласың»: Головкин Сметовке ақыл айтты

Ұлттық Олимпиада комитеті президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке ақыл айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

– Көптің сөзіне құлақ асып, тыңдай берме. Сен туралы әлі көп адам әдемі сөйлеп айтады. Өз тәжірибемнен білемін. Түбі жанұяңнан басқа ешкімге керек болмай, жалғыз қаласың, – деп күліп ақыл айтты Головкин Сметовке.

Дзюдо күресінен 60 келідегі қазақ балуаны Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанған еді.

Ерлер арасындағы 60 келі салмақта белдескен қазақстандық дзюдошы финалда франциялық Лука Мхекидзені жеңді. Сөйтіп, Қазақстанның Париждегі алғашқы алтыны қоржынға түсті.

Айта кетейік, Елдос Сметов - Рио Олимпиадасының күміс, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы (2015), жазғы Азия ойындарының жеңімпазы (2014).

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 1bol.kz (@b1rinshibol)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow