Қуандық Бишімбаевтың анасы сотта сөз сөйледі
Мен ана ретінде шын жүректен айтып тұрмын.
Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева өзін ана ретінде түсініп, ұлына құқығын толық қорғауға мүмкіндік беруін өтінді, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Қорғаушы тарап ресейлік медициналық сарапшы Эдуард Тумановтың бағалауын қылмыстық іс материалдарына қосуды сұрайды.
"Әрине, мен заңгер емеспін, мүмкін бірдеңені дұрыс айтпауым мүмкін. Бірақ егер сіз біздің сараптамаларымызды – мамандардың мәскеулік қорытындысын және маман (Тлемісов) қорытындысын қабылдамасаңыз, менің баламның өз құқығын қорғау мақсатындағы дәлелдерді келтіре алмай, конституциялық құқықтары бұзылады деп есептеймін. Мен ана ретінде шын жүректен айтып тұрмын", – дейді Альмира Бишімбаева.
Сіздің реакцияңыз қандай?