«Ішімді тырнап, бала өсіп кетті»: 55 жастағы әйел 12 айлық баласын босана алмай жүргенін айтты

Дәрігерлер өзі босана алмаған әйелге кесір тілігін жасамай қойыпты.

Наурыз 13, 2024 - 17:41
Наурыз 13, 2024 - 17:55
«Ішімді тырнап, бала өсіп кетті»: 55 жастағы әйел 12 айлық баласын босана алмай жүргенін айтты
фото: Көреміз бағдарламасы

Шымкент қаласының 55 жастағы тұрғыны құрсағындағы баланы босана алмай жүргеніне 3 ай уақыт өткенін айтып, журналистерден көмек сұрады. Сөзінше дәрігерлер оған көмек бермей қойған. Әйел ішіндегі 9 айлық кезде толғақ қысқанын айтады. Бірақ дәрігерлер өзі босана алмаған әйелге кесір тілігін жасамай қойыпты. Бұл туралы "Көреміз" бағдарламасы хабарлады.

"Ата-бабамыз УЗИ жоқ кезде де босанды. Дәрігерлер маған "ертегі айтып тұрсыз" деді. Өйткені УЗИ аппараты баламды көрсетпейді. Сол себепті дәрігерлер кесір тілігін жасамайтындарын айтты. Мен тамақ жесем олда жейді. Қазір 12 ай болды. Ішімді тырнап, бала өсіп кетті. Сол себепті журналистер араласып, ішімдегі баламды қолыма алып беруді сұраймын. Менің денсаулығым, психикам бәрі дұрыс", - дейді 55 жастағы әйел.

Студия қонақтары Есенованың ақрапатына қайран қалып, оны психикалық сараптамадан өткізу керек екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow