Көшпенділер ойындарында 77 жастағы қария ерікті болып жүр

Қыркүйек 11, 2024 - 16:53
Қыркүйек 11, 2024 - 16:58
Көшпенділер ойындарында 77 жастағы қария ерікті болып жүр

Көшпенділер ойындарында ерікті болып жүрген 77 жастағы қария көпшілікті таңғалдырды. Бұл туралы журналист Жұлдыз Рахмет әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы. Оның айтуынша, Ғалымжан атаның жасы 77-де. Ол - мұндағы ең қарт ерікті.

«Шаршасам жасырмаймын ғой. Өнер көрсетіп жатқандарға қабаттаспау үшін, кедергі келтірмеу үшін бақылап тұрамыз. Ерікті болып жазылуға болатынын теледидар арқылы, сосын Ардагерлер үйінен білдім. Онда бәрін айтады», - дейді Ғалымжан ата.

Желі қолданушылары атаға ұзақ ғұмыр тілеп, пікір қалдырған.

«Аман болыңыз, ауырмаңыз», «Жарайсыз, ата», «Ұзақ ғұмыр жасаңыз», «Көп жасаңыз, ата», - деп жазған олар. 

Айта кетейік, бұған дейін домбыра шерткен қазақ қызы Көшпенділер ойындарына келген испаниялықтарды таңғалдырған еді. 

Еске салайық, 8 қыркүйекте Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы күндерінде Қазақстан ұлттық құрамасы 25 медальға ие болып, көш бастады.   

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow