«Бұдан бұрын кетуім керек еді»: Орал қаласының әкімі қызметінен кетті
Орал қаласының әкімі Миржан Мұнайдарұлы Сатқанов қызметінен кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
М.Сатқанов бұл қызметте екі жылдан астам уақыт бойы оралдықтармен қоян-қолтық жұмыс істегенін атап өтті.
«Денсаулығым сыр беріп, қызметтен бұдан бұрын кетуді ойлап жүргенмін. Алайда көктемде қаламызда су тасқыны болып, мұндай қиын кезеңде жұмыстан шыға алмадым. Осылайша өз міндеттерімді әріптестеріммен бірге жалғастыра бердім. Біз барша оралдықтармен бірге үлкен жұмыс ісдедік деп ойлаймын. Тек көктемгі су тасқынымен күресіп, оның салдарымен айналысқан кезде ғана емес, сонымен бірге 2 жыл бойы сүйікті қаламызды одан ары көркейтуге тырыстық. Бұл – туған жеріне жанашыр әр азаматтың өлшеусіз еңбегі. Қазір барлық салада жұмыс жолға қойылған. Жаңадан тағайындалатын қала әкімі өңірдегі жағдайды жедел түсініп, жұмысты жүйелі жалғастыратынына, ал болашақта шаһарымыз үшін жаңа жобаларға бастамашы болатынына сенемін», - деп жазды М.Сатқанов.
Миржан Сатқанов Орал қаласының әкімі болып 2022 жылы 26 сәуірде тағайындалған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?