Халық әртісі Торғын Тасыбекова өмірден өтті

Қазақ ССР-нің халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның Халық әртісі.

Маусым 18, 2024 - 23:31
Маусым 18, 2024 - 23:32
Халық әртісі Торғын Тасыбекова өмірден өтті
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан Қазақстанның Халық әртісі Торғын Жылқышықызы Тасыбекова 86 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Қазақ ССР-нің халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның Халық әртісі Торғын Тасыбекова Алматы облысында дүниеге келген.

1961 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының актерлік шеберлік факультетін бітірген. Сол жылы Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Қайраткер тұлға асыл өнерді қастерлеудің озық үлгісін көрсетіп, өмірінің соңына дейін өзінің сүйікті театрына аянбай қызмет етті. 
Актрисаның әсем дауысы, сұлу бейнесі мен шынайы сомдаған кейіпкерлері мәңгі халық жадында қалары сөзсіз. 

Ардақты жанның ғибратты ғұмыр жолы ешқашан ұмытылмайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow