«Жауап беруге дайын емеспін»: Министр шегіртке жайлы сұраққа жауап беруден бас тартты

Әрбір мемлекеттің өзінің дәстүрі бар.

Маусым 11, 2024 - 14:39
Маусым 11, 2024 - 15:28
«Жауап беруге дайын емеспін»: Министр шегіртке жайлы сұраққа жауап беруден бас тартты

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «шегіртке халал, оны жеуге болады» деген мәлімдемеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Үкіметтің баспасөз орталығында министрге «Өткен аптада премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин «шегіртке халал, оны жеуге болады» деп мәлімдеме жасады. Ол біраз сынның астына қалды. Сіз – Қазақстанның бас дәрігерісіз, осыған қатысты пікір білдірсеңіз. Шынымен шегірткені жеуге бола ма?» деген сұрақ қойылды. Ақмарал Әлназарова оған қатысты пікір білдіре алмайтынын жеткізді.

«Сіздерді құрметтеймін. Бұл сұрақты комментарийсіз қалдырсам. Әрбір мемлекеттің өзінің дәстүрі бар. Қазаққа тән емес дәстүр деп білемін. Сондықтан қазір оның зияны, пайдасы бар, халал, халал емес деп айтуға дайын емеспін. Бұл менің құзыретіме кірмейді», - деді министр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow