Париж Олимпиадасына бокстан тоғызыншы жолдама Назым Қызайбайға бұйырды

Төрешілер толықтай оның жеңгеніне қолдау білдірді.

Маусым 3, 2024 - 14:15
Маусым 3, 2024 - 14:02
Париж Олимпиадасына бокстан тоғызыншы жолдама Назым Қызайбайға бұйырды
Фото: ҰОК

Бокстан Париж Олимпиадасына берілген жолдама саны 9-ға жетті. Бұл жолдаманы ел құрамасынан Назым Қызайбай (50 келі) алды.

Қазақстандық боксшы 1/4 финалда Солтүстік Корея боксшысы Канг Су Хуангпен қолғап түйістірді.

Шаршы алаң төріндегі шайқаста қазақстандық боксшының басымдығы байқалды. Нәтижесінде төрешілер толықтай оның жеңгеніне қолдау білдірді. Есеп – 5:0.

Назым Қызайбай 1/4 финалға дейін словакиялық Николь Дурикова, ұлыбританиялық Саванна Стублей, Оңтүстік Кореядан келген Джухюнг Джунгты жеңген болатын.

Еске салсақ, бұдан бұрын Таиландтағы турнирде Валентина Хальзова (75 келі) Париж Олимпиадасына берілген жолдамаға қол жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow