«Қарсыластарымның бәрі кішкентай болып көрінді». Сметов өзін сынағандарға жауап берді
Арнайы бір адамдарды жинап, сұхбат беріп, уағыз айту мақсатын көздеген жоқпын.
Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов желіде қызу талқыға түскен сөздеріне, сынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Елдос Сметовтің әлеуметтік желіде жақындарының арасында: "Олимпиадада дұғаның қабыл болғанын сезіндім. Қарсыластарым көзіме кішкентай болып көрінді" деген видеосы тарап, желіде қызу талқыға түскен еді. Спортшы бұл жерде жаман дүние айтылмаған айтты.
“Бұл жерде бір жаман дүние айтылмаған сияқты. Уағыз форматында айтылған нәрсе емес, басымнан өткен нәрсе. Әсерімді бөлістім. Арнайы бір адамдарды жинап, сұхбат беріп, уағыз айту мақсатын көздеген жоқпын. Жақындарым арасында қуанышымды бөлістім, осы жолға қалай жеткенімді айттым. Бірақ ол нәрсе еш жаман тәрбие деп ойламаймын. Басқа біреулердің шашын бояп, құлағын тесіп жүргеннен қарағанда осындай әңгіме көп болғаны және оның жан-жаққа тарағаны дұрыс деп ойлаймын” – деді олимпиада чемпионы.
Айта кетейік, Елдос Сметов Париж олимпиадасында 60 келі салмақта топ жарып, дзюдо күресінен қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы және үш олимпиада жүлде алған алғашқы қазақ атанған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?