Қайрат Құдайбергеннің інісі ұсталды
2023 жылдан бері іздеуде жүрген экс-депутат Қайрат Құдайбергеннің інісі Дархан Өмірәлиев ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ қамауға алынды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Ол бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті жымқырды деп күдіктеліп отыр.
«Алаяқтық Алматы қаласы бойынша әкімдік пен ҰҚКД лауазымды адамдарының қатысуымен бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және белгіленген сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалған. Биыл 14 маусымда Бішкек қаласында «Ө» азаматы ұсталғаннан кейін ол Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен Отанына оралуға дайындығы туралы хабарлады», - деп хабарлады Антикор.
Дархан Өмірәлиев Қырғыз республикасының шекарасынан өтіп, Алматы қаласына жеткізілді.
Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Сіздің реакцияңыз қандай?