«Қазақтар шаң жұтып, кредитке батып жүргенде»: Назарбаевтың ұлы Монте-Карладағы қымбат өмірін көрсетіп мақтанды

Тамыз 14, 2024 - 17:36
Тамыз 14, 2024 - 17:41
«Қазақтар шаң жұтып, кредитке батып жүргенде»: Назарбаевтың ұлы Монте-Карладағы қымбат өмірін көрсетіп мақтанды
Фото: Orda.kz

Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы Тауман Нұрсұлтанұлының Монте-Карлода көлікпен жүйіткіп бара жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы maitanov_online телеграм каналы жазды.

Видеода Назарбаевтың Дубайда оқып жатқан ұлы қымбат көлікпен аса қатты жылдамдықпен жүйіткіп ғана қоймай, яхтасы мен жеке ұшағын да мақтана көрсетеді.

Еске сала кетсек, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев «Менің өмірім» атты кітабында екінші әйелі Әсел Құрманбаева деген қауесетті растап, оның екі ұлды дүниеге әкелгенін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow