Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан бес адам көз жұмды

Mercedes-Benz жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен.

Сәуір 1, 2024 - 10:31
Сәуір 1, 2024 - 10:31
Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан бес адам көз жұмды
фото: Massaget.kz

Қарағандыдағы айналма жолда болған жол апатынан 5 адам көз жұмды. Полиция көліктер бетпе-бет соқтығысқанын хабарлады.

Оқиға солтүстік-шығыстағы айналма жолда болған. Полицияның хабарлауынша, Mercedes-Benz жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен. Жол апатынан 5 адам көз жұмды.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қарағанды облысы полиция департаменті жүргізушілерге мұқият болуды және жол ережелерін бұзбауды ескертті», – деді Қарағанды қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow