Судья Бишімбаевтың сотынан кейін әлеуметтік желілерде пікір білдіруге тыйым салды
Бишімбаевтың қорғаушылары процестің кез келген уақытында одан жауап алуға рұқсат беруді сұрады. Зардап шеккен тарап оған қарсы болды.
Бүгін Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған тергеу сотында әйелін өлтірді деп айыпталып отырған экс-министр Қуандық Бишібаевқа қатысты негізгі сот тыңдалымының үшінші күні өтіп жатыр, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеп.
Бишімбаевтың қорғаушылары процестің кез келген уақытында одан жауап алуға рұқсат беруді сұрады. Зардап шеккен тарап оған қарсы болды.
Десе де судья өтінішті қанағаттандырды. Бишімбаевтан соң өзге куәгерлер мен сарапшылардан жауап алынады. Бұдан соң іс материалдары зерттеліп, екінші күдіктіден жауап алынады.
Прокурордың сөзінше, бұған дейін экс-министрден 5 рет жауап алған.
Сонымен қатар прокурорлар әлеуметтік желілерде сот процесіне қатысты түрлі пікірлер айтылып жатқанын атап өтті.
Айыптаушы тарап “алқабилерге қысымды болдырмау” мақсатында Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысының қатысушалары әлеуметтік желі мен БАҚ-та пікір білдіруден тартынғанын сұрады. Процесс қатысушыларының бәрі прокурорлардың арызын қолдады.
Судья сот отырыстарынан кейін әлеуметтік желілерде пікір білдіруге тыйым салу туралы өтінішті қанағаттандырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?