«Бәрі бітті»: Сейфуллин Жолбарыстың әйелі мұңды жазба жариялады
Әдемі әйелі бар, не жетпейді?
Қазақстандық танымал әнші Сейфуллин Жолбарыстың келіншегі Екатерина Жолбарыс желіде мұңды жазба жариялап, елді ойландырып қойды. Оқырмандар ерлі-зайыптының ажырасып кеткенін болжап жазуда, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Екатерина Жолбарыс Tik-Tok желісінде күйеуімен түскен суреттерін жариялап, мұңды жазба қалдырған.
"Жүрегіңді өз қолыңмен кеудеңнен суырғандайсың. Осындай жағдайда да ары қарай өмір сүруге тура келеді екен", - деп жазды әншінің әйелі.
Желі қолданушылары бірден бұл жазбаны қызу талқылап ерлі-зайыптының ажырасып кеткенін болжап жазды.
"Ажырасты ма?", "Не болған бұларға?", "Бәрі бітті ма енді", "Қара фото көрсек қорқатын болдық қой", "Әдемі әйелі бар, не жетпейді?", "Сенгім келмейді. Бақытты болыңыздаршы. Жақсы жұпсыздар", "Не болып қалды екен?", "Бір нәрсе болғаны анық", - деп жазуда көпшілік.
Айта кетейік, ерлі-зайыпты Instagram желісінде бір-біріне жазылмаған. Оған қоса олар бірге түскен суреттерін өшіріп тастаған.
Сіздің реакцияңыз қандай?