«Көкірек тұсынан жұдырығымен ұрған»: Қызылорда облысында 10-сынып оқушысы өзінен кіші баланы өлтіріп алды

Қазан 8, 2024 - 16:58
«Көкірек тұсынан жұдырығымен ұрған»: Қызылорда облысында 10-сынып оқушысы өзінен кіші баланы өлтіріп алды

Қызылорла облысында 10-сынып оқушысы 9-сыныптың баласын ұрып өлтірді, деп хабарлайды Orda.kz.

Шиелі ауданы Қодаманов ауылының 10-сынып оқушылары Қ. мен Ж. сыныптастарымен бірге 9-сынып оқушылары өздерімен амандаспай жүргенін әңгіме қылған. Олардың сыйластық танытпай жүргені үшін, оларды тәртіпке келтіру мақсатында ауыл шетіне  жиналған. 

Сотталушы Ж. бір қатарда тұрған 9-сыныптың оқушыларын беттерінен  бір реттен ұрып шыққан.

Сотталушы Қ. бұл әрекетті жалғастырып, оқушыларды  ұрып келе жатып, жәбірленуші А.-ның көкірек тұсынан жұдырығымен бір рет қатты соққы жасаған. Соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза болды. 

Кәмелетке толмаған сотталушы Қ. 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow