«Ішкілік пен жеңіл ақшаның бәлесі»: Ислам Әбішев Бишімбаев туралы ойын айтты

Бұл қоғамда үлкен резонанс туғызған ауыр мәселе.

Сәуір 8, 2024 - 11:35
Сәуір 8, 2024 - 11:39
«Ішкілік пен жеңіл ақшаның бәлесі»: Ислам Әбішев Бишімбаев туралы ойын айтты
фото: видеодан скриншот

Мемлекет және қоғам қайраткері Ислам Әбішев «Adal Adam» Youtube арнасына берген сұхбатында Бишімбаев ісінің ашық өтуі қоғамның назарын су тасқынынан басқа жаққа бұру «саясаты» деген пікірлермен келіспейтінін айтты, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Бұл қоғамда үлкен резонанс туғызған ауыр мәселе. Ол жерде адамдардың тағдыры. Ол өз жөнімен болып жатқан тірлік. Су тасқыны өз жөнімен болып жатқан тірлік. Ол су тасқыны болмай тұрып, «публичный» болатыны жөнінде белгілі болды.

Сондықтан, бұдан астар іздеудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Адам өлімі, әйел адамның өлімі деген ауыр қылмыс қой. Одан Құдай сақтасын. Бәріміз қыз өсіріп отырмыз, өте қиын әрі ауыр мәселе. Бишімбаев Қуандықты білемін, өте керемет жақсы бала, жақсы жігіт.

«Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында» дейді. Мүмкін, ондай кемшіліктері болған шығар. Оның барлығы ішкіліктің бәлесі ғой деп ойлаймын. Содан кейін жеңіл ақшаның бәлесі», - деді Ислам Әбішев

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow