Алсу Ержан Мақсымнан ұрланған дауыс үшін кешірім сұрады (ВИДЕО)

Сәуір 26, 2024 - 11:37
Сәуір 26, 2024 - 11:37
Алсу Ержан Мақсымнан ұрланған дауыс үшін кешірім сұрады (ВИДЕО)

Ресейдің әншісі Алсу «Голос.Дети» шоуында қазақ әншісі Ержан Мақсымнан ұрланған дауыс үшін кешірім сұрады.  

Мен көпшіліктен кешірім сұрағым келеді. Сол кездегі жағдайды есіме алсам, өзімді қоярға жер таппаймын. Мен дұрыс істемедім. Сондықтан мен барша ел-жұрттың алдында кешірім сұраймын, – деді ол.  

Еске салсақ, осыдан бес жыл бұрын, 2019 жылы «Голос.Дети» шоуының алтыншы маусымының финалында көпшіліктен ұрланған дауыстың нәтижесінде Алсудың қызы Микелла Абрамова қазақ әншісі Ержан Мақсымнан басым түсіп, жеңімпаз атанған болатын.  Осыған байланысты ресейліктердің өзі Ержан Мақсымның дауысы ұрланғанда финалдың қорытындысына наразылық білдіріп, Алсудың іс-әрекетін сынаған еді.  

 Алсудың айтуынша, сондай кезде барлық ата-ана өз баласының болашағын ойлап, перзентіне дауыс жинап беру керек. Енді болар іс болды.  Қазір әлеуметтік желіде жұртшылық әншінің кешірімнен гөрі, оның «барлық ата-ана өз баласының болашағын ойлап, перзентіне дауысты ұрлап беретін еді», деген мағынада айтқан сөзін сынап жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????????© ZTB QAZAQSTAN 2024 (@ztb_media)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow