«Ешкім келген де, ескерткен де жоқ»: Жахан Отарғалиев оралдықтардың тасқынмен өздері күресіп жатқанын айтты

Өзенге су толып, арнасынан таситын болса, ауыл түгел кетеді.

Сәуір 16, 2024 - 17:09
Сәуір 16, 2024 - 17:21
«Ешкім келген де, ескерткен де жоқ»: Жахан Отарғалиев оралдықтардың тасқынмен өздері күресіп жатқанын айтты
Фото: https://www.instagram.com/zhahan_utargaliyev

Танымал әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев туған өңірі Орал қаласына барып, су тасқынын көзімен көргенін айтты, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

Актер үйінің айналасын көрсетіп, ауыл іргесіндегі өзен арнасынан шығып жатқанын айтты. 

“Үн-түнсіз қалып кетпейік! Мынау тұрған біздің үй болса, сайдың аржағында өзен суға толып тұр. Жайлап су келіп жатыр. Бірақ ешқандай ескерту айтылған жоқ. Адамдар барып, қапшықпен құм жинап қойды. Назар аударыңыздар, бұл жақта да ел бар! Өзенге су толып, арнасынан таситын болса, ауыл түгел кетеді. Елдің күші – бірлікте. Ауыл тұрғындары бірігіп, өз бетінше іске кірісті ”, – деді әзілкеш. 

Еске салайық, 13 сәуірде Жайық өзеніндегі Орал гидрологиялық бекетінде су деңгейі 743 см-ге дейін көтерілді, қауіпті деңгей 850 см болды. Облыстың ішкі өзендерінің көбінде су тасқыны шарықтау шегіне жеткені айтылды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow