Грекияда орман өртеді деген күдіктілер арасында қазақстандықтар жоқ

Маусым 24, 2024 - 16:19
Маусым 24, 2024 - 16:38
Грекияда орман өртеді деген күдіктілер арасында қазақстандықтар жоқ

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, мұны Грекия министрлігі растаған. 

"Қазақстандық консул ақпарат жарияланғаннан кейін бірден осы оқиға бойынша грек билігімен байланысқа шықты. Грек полицейлері ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтарының жоқ екенін және оларға қандай да бір шағым түпегенін хабарлады", – деді СІМ өкілі. 

Грек ақпарат құралдары Қазақстан азаматтарын пәкістандықтармен шатастырып алған.

21 маусымда яхтаны Пәкістан азаматтары жалға алған. Сол күні кешке 13 турист Грекияның Гидра аралында жалдамалы яхтада отшашу ұйымдастырған. Салдарынан қарағайлы орман өртке оранған.

Демалушылар өртті сөндіруге әрекеттенгенімен, еш нәтиже болмаған соң қашып кеткен. Грекияның News Break басылымы яхтаны Қазақстан азаматтары емес, Пәкістан азаматтары жалға алғанын жазды.

Бұған дейін, Грекияда яхта жалдаған қазақстандықтар отшашу арқылы аралды өртеп жіберді деген ақпарат тараған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow