«Аяқ-қолын жұлып алған»: белгілі актерды акула жеп қойды

Маусым 24, 2024 - 15:54
Маусым 24, 2024 - 16:00
«Аяқ-қолын жұлып алған»: белгілі актерды акула жеп қойды

"Пираты Карибского моря: На странных берегах" фильміне түскен серфер, актер Тамайо Перридің қолы мен аяғын акула жұлып алған, деп хабарлайды Massaget.kz.

Басылым мәліметінше, ер адам аяқ-қолсыз Гавайи штатында табылған. Ал Sky News мәліметінше, 49 жастағы Тамайо Перри жағажайда құтқарушы болып жұмыс істейтін. Ол үзіліс кезінде серфингпен айналыспақ болған. Артынша шұғыл қызметке белгісіз ер адам хабарласып, акула адамға шабуыл жасағанын көргенін айтады. Акула шабуыл жасаған адам актер болып шыққан. 

Актердің денесі жағаға қарай алынған. Акула актердің аяғы мен қолын жұлып алған. Ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow