Қазақстандық турист Италияда елімізді масқара етті 

Маусым 24, 2024 - 16:45
Маусым 24, 2024 - 16:47
Қазақстандық турист Италияда елімізді масқара етті 

Бұл оқиға Помпей археологиялық саябағындағы Цей үйінің қабырғасы маңында болған деп жазады Sadaqmedia.kz.

Тарихи мұраға ALİ деп жазып кеткен туристі 22 маусым күні қауіпсіздік қызметкерлері ұстап әкеткен.

Euronews-тің мәліметінше, турист айыппұлдан бөлек, үйдің қабырғасын қалпына келтіру үшін де ақша  төлейтін болады. Ол шамамен 60 000 еуроға дейін жетуі мүмкін. 

Жалпы Қазақстанда да тарихи жәдігерлерімізді, соның ішінде Таңбалытас, Қызылтас петроглифтерін шимайлайтын, мәдени орындарды бүлдіретіндер жетіп артылады.

Археологтар мен ерікті тарихшы, мәдениеттанушылар дабыл қаққанымен әзірге жағдай өзгеріссіз.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow